Беслан оқиғасы: 1,5 мың адам қанды оқиға құрбандарын еске алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Осетияның Беслан қаласындағы №1 мектепте болған лаңкестік әрекет құрбандарын 1,5 мыңнан астам адам құрметпен еске алды. Бұл жайлы жұма күні ТАСС агенттігіне құқық қорғау қызметінің қызметкерлері мәлім етті.

«1,5 мыңнан астам адам мектепке келді, келіп жатқан адамдар легі азайды, бірақ олар әлі де келіп жатыр. Бұл күні 150 адам «Періштелер қаласы» мемориалдық кешеніне келді», - деді агенттікке сұхбат беруші.

Қаралы шара қираған мектепте жергілікті уақытпен сағат 09:15 кезінде  мектеп ауласында басталды.

Келушілер гүл шоқтарын әкеліп, спорт залындағы қаза тапқандардың фотосуреттерінің алдына шамдар жақты. Мектеп ауласына лаңкестердің үш күн бойы тұтқындарды спорт залында ұстап тұрған кезінде ішуіне тыйым салған су және ойыншықтар әкелінді. Қаралы шара үнсіздікпен өтіп, соңы жылау-жоқтауға ұласты.

2004 жылғы Бесланның №1 мектебін  лаңкестердің басып алуы салдарынан 1,2 мың адам тұтқынға алынған болатын. Сол кезде және одан кейін де жарақат салдарынан 334 адам қаза тапты, олардың 186-сы балалар. Тұтқынға алынғандардың 126-сы мүгедек болып қалды, олардың 70-і балалар. Зардап шеккендердің көбі әлі күнге дейін сауықтыруды қажет етеді. 

Соңғы жаңалықтар