Бесінші қабаттан секіріп кеткен қостанайлық бойжеткен аман қалды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында 24 жастағы қыз бесінші қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық полиция департаменті бастығының БАҚ жөніндегі кеңесшісі Елена Кашарина растады. Оқиға бүгін Қостанай қаласындағы Строительный көшесінде болған.

«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 24 жастағы қыз бесінші қабаттағы балконнан секіріп кеткен. Ол аман қалды, бірақ, дене жарақаттарымен қалалық ауруханаға түсті. Оның балконнан не үшін секіріп кеткені анықталып жатыр», - деді Е.Кашарина.


Соңғы жаңалықтар