Бесағаш кентінде бөктердің топырағы опырылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысы Талғар ауданының Бесағаш кентінде тау бөктерінің бір бөлігі опырылды. Бір үйлің ауласын көшкен топырақ басып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқыс оқиға 20 мамырда сағат 16.00-де Бесағаш кентінде орналасқан Бурабай коттедждер қалашығында болды. Көшкен тау бөктерінің топырағы ауланың жартысын жауып қалғанымен үйге зиян келтірмеген.

«Мен бұл кезде жұмыста едім, балам мектепте, үйде тек жұбайым ғана болды. Ол аулада жұмыс істеп жүрген. Бөктердің опырылып кеткенін көріп, қорыққанынан үйге қашып кірген. Бәрі біткесін осы жерге ТЖД қызметкерлері, кент әкімі және оның орынбасары келді. Үйіндіні аршуға көмектесуге уәде берді», - дейді зардап шеккен үйдің иесі Ерсайын Сауранбаев.

Тұрғындардың айтуынша, коттедж қалашығының орны бір адамға тиесілі болған, ол оны телімдерге бөліп 70 отбасыға сатып жіберген. Қазіргі кезде бір ғана үй зардап шеккен, алайда басқа үйдің иелері де осындай жағдайға тап болуы мүмкін.

Бесағаш әкімі жергілікті тұрғындарға зардап шеккен үйге көмек көрсететінін айтып өтті. Айта кетерлігі, оқыс оқиғаны неден болғанын ТЖД қызметкерлері анықтайды. 

Соңғы жаңалықтар