Бес жылда Түркістан облысында 40 мың жаңа жұмыс орны ашылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысын дамытудың 5 жылдық кешенді жоспарының аясында 40 мың жаңа жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңірдің қоғамдық құқықтық тәртібін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қарастырылған. Атап айтқанда, полиция департаментінің ғимараттар кешені мен жедел басқару орталығы, өрт сөндіру депосы салынады. Кешенді жоспарды іске асыру 2025 жылға қарай шамамен 40 мың жаңа жұмыс орнын құруды, негізгі капиталға инвестициялар 3 есе және өнеркәсіп көлемінің 35%-ға өсуін, еңбек өнімділігінің 52,1%-ға ұлғаюын, халықтың нақты кірістерінің 54,8%-ға өсуін қамтамасыз етеді», - деді Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында.

Министр кешенді жоспарды уақтылы және толық іске асырудың арқасныда 2025 жылы жалпы өңірлік өнімнің нақты өсуі 6,3% болады деген болжамын жеткізді.

«Кешенді жоспарды орындау өңірдің экономикалық әлеуетін іске асыруға мүмкіндік береді, жеке инвестициялардың келуіне серпін береді және халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз етеді», - деді Әсет Ерғалиев.


Соңғы жаңалықтар