Бес жылда травматикалық қару қолдану арқылы 257 қарақшылық шабуыл жасалған

None
None
АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Соңғы бес жылда травматикалық қару қолданудан 22 адам мерт болған 257 қарақшылық шабуыл жасалды,

642 бұзақылық орын алып, 48 жағдайда қарудан ауыр және орташа дене жарақаты салынды. Бүгін Парламент Мәжілісінде «Травматикалық қару:заңнамалық реттеу мәселелері» атты дөңгелек үстел барысында Ішкі істер минитрі Қалмұханбет Қасымов осылай мәлім етті.

Министрдің сөзіне қарағанда, көп жағдайда травматикалық қару бұзақылар арасындағы «есеп айырысуларда» және жастар арасындағы бұзақылықтарда қолданылып жүр. Ондай оқиғалардың соңы қайғылы аяқталып жатады. «Мәселен, жақында ғана Алматы облысының Үштөбе қаласындағы саябақта 9-сынып оқушысы травматикалық қарудан өзінің сыныптасын кеуде тұсынан атып, ол ауыр жарақаттан ажал құшты. Осындай мысалдар жеткілікті», - дейді Қ. Қасымов. Оның айтуынша, травматикалық қарулардың басым бөлігінде оқ сырты резеңкемен қапталған темірден жасалады. Сондықтан да қарудың осы түрін қолдану арқылы жасалған қылмыстардың басым бөлігі ашылмай қалуда. «Мәселен, Орал қаласында көшеде кетіп бара жатқан азамат Жайлауов травматикалық қарудан атылған оқпен арқасынан жарақат алды және ауруханада соның салдарынан көз жұмды. Бұл қылмыс әлі күнге дейін ашылған жоқ. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың өзінде құқық қорғау қызметкеріне қарсы травматикалық қару қолданудың екі фактісі тіркелді. Оның бірінде учаскелік полиция қызметкері жарақаттанса, екіншісінде Шымкент қаласында жүргізушіні тоқтатқан жол полициясына травматикалық қару қолданылған», - дейді Қ. Қасымов.

Соңғы жаңалықтар