Бес жылда 30 мың шақырым жергілікті жолды жөндеу көзделеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2025 жылға дейін Қазақстанда 30 мың шақырым жергілікті автожолды қалпына келтіру жоспарлануда. «Нұрлы жол» бағдарламасы тұжырымдамасының жобасында осылай көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Склярдың төрағалығымен Қазақстан Республикасының 2020 - 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасы тұжырымдамасының жобасы таныстырылды. Жиынға Мәжіліс депутаттары, «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ, «Атамекен» ҰКП, «Kazlogistics» көлік және логистика ұйымдары мен қауымдастығының, ҚР ИИДМ салалық бөлімшелерінің өкілдері қатысты», делінген хабарламада.

Тұжырымдаманы талқылау барысында 2015-2019 жылдарға арналған қолданыстағы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылған жобалардың маңыздылығы айтылды және 2020-2025 жылдарға арналған жаңа «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу бойынша жалғастырылатын жұмыстардың негізгі бағыттары айқындалды.

Әзірленіп жатқан мемлекеттік бағдарламада жергілікті деңгейдегі жол инфрақұрылымын қалпына келтіруге және дамытуға басымдық беріледі. 2025-ші жылға дейін 30 мың шақырым жергілікті автожолды қалпына келтіру жоспарлануда.

Осы міндетті шешу үшін аумақтардың көлік инфрақұрылымын, оның ішінде байланыстырушы учаскелерді, кіреберістерді, айналма жолдарды, жол айрықтарды, сондай-ақ аумақтар арасындағы көлік байланыстарын жаңғырту көзделген.

Автожол инфрақұрылымын және көлік қызметтерін дамыту саласында облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, елді мекендердің көше желілерін жөндеу және қайта жаңарту жөніндегі басым жобаларды және «Үйге дейінгі жол» қағидаты бойынша кіреберістерді қамту жоспарлануда.

Әуе көлігі саласында әуе кемелері паркін жаңартуды және әуежайлардың инфрақұрылымын жаңғыртуды қоса алғанда, өңірлік авиацияны дамыту жөніндегі шаралар кешені қарастырылатын болады.

Мемлекеттік бағдарлама міндеттерінің бірі инфрақұрылымдық кешеннің технологиялық, ғылыми-әдістемелік және ресурстық қамтамасыз етілуін арттыру.

Осы міндеттерді шешу үшін бағдарламада технологиялар трансферті, басқарудың Зияткерлік жүйелерін енгізу, көлік кешенін дамыту және жетілдіру саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу, кадр ресурстарын дамыту жөніндегі іс-шаралар атқарылатын болады.

Автожол инфрақұрылымын және авто тасымалдарды дамыту саласында 6,6 мың км республикалық, 30 мың км жергілікті автожолдар мен елді мекендердің көше-жол желілерін жөндеу және қайта жаңарту бойынша өтпелі және жаңа жобаларды іске асыру жоспарланған.

Бағдарламада Орал, Қостанай, Өскемен, Шымкент, Атырау, Қызылорда, Алматы қалаларындағы аэровокзал кешендерін қайта жаңарту; барлық коммуникациялары бар жергілікті әуе желілерінің 11 әуе айлағын салу, әуе кемелерінің лизингін субсидиялау, транзиттік әуе тасымалдарды дамыту белгіленген.

Байланыс, навигация және бақылау жүйесін дамыту авиациялық персоналды даярлау жүйесін жетілдірумен байланыстырылады.

Соңғы жаңалықтар