Бес жыл ішінде травматикалық қару қолдану арқылы мыңға тарта қылмыс жасалған - Мәжіліс спикері

None
None
АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Бес жыл ішінде травматикалық қару қолдану арқылы мыңға тарта қылмыс жасалған.

Бүгін Мәжілісте «Травматикалық қару:заңнамалық реттеу мәселелері» атты тақырыпта өткен дөңгелек үстел барысында палата спикері Нұрлан Нығматулин осылай мәлім етті.

«Мемлекет басшысы ұдайы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, халқымыздың өмірін сақтау, заңсыз әрекеттерге жол бермеу бірінші кезектегі ең маңызды міндет болып табылатынын айтып келеді. Осыған орай травматикалық қару қолдануға қатысты мәселе қоғамда өзекті болып отыр. Өйткені, азаматтың өзін қорғауға арналған қаруы соңғы кезде көптеген қылмыстық жағдайдың орын алуына жол ашуда. Мәселен өткен бес жыл ішінде травматикалық қару қолдану арқылы мыңға тарта қылмыс жасалғаны белгілі болып отыр», - деді спикер. Оның айтуынша, соңғы бес жылда құқық қорғау органының қызметкерлері өзін өзі қорғауға қатысты травматикалық қаруды қолданудың 19 фактісін тіркеген. «Сондықтан да өзін қорғауға арналған қару халқымыз үшін қатер көзіне айналып отыр. Ендеше азаматтарды қорғаудың бір ғана жолы бар, бұл травматикалық қаруды қолдануға мүлдем тыйым салу не болмаса оны қолдану талаптарын барынша қатайту. Басқа жол жоқ», деді Н. Нығматулин.

Соңғы жаңалықтар