ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Жетісу облыстық аумақтық сайлау комиссиясы өңір мәслихатына депутаттарды сайлаудың қорытындысын шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жетісу облысы мәслихатына партиялар бойынша сайлау нәтижесі келесідей;
«Amanat» партиясы - 149 878 дауыс немесе сайлаушылар дауыстарының 61,88 проценті;
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 28 923 дауыс немесе сайлаушылар дауыстарының 11,94 проценті;
«Respublica» партиясы - 28047 дауыс немесе сайлаушылар дауыстарының 11,58 проценті;
Қазақстан халық партиясы - 16346 дауыс немесе сайлаушылар дауыстарының 6,75 проценті;
«Ақ Жол» Қазақстанның демократиялық партиясы - 16161 дауыс немесе сайлаушылар дауыстарының 6,67 проценті;
«Бәріне қарсымын» белгісі бар сайлау бюллетеньдерінің саны - 2835.
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының бес және одан көп процентін алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттар төмендегідей бөлінді:
«Amanat» партиясы - 10 ;
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 2;
«Respublica» партиясы -2;
Қазақстан халық партиясы -1;
«Ақ Жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы -1;
Сайлаушылардың тізімдеріне 443 617 азамат енгізілгі. Дауыс беруге 245 219 сайлаушы қатысты.