Бес өңіріндегі 32 жол жабылды - Қазавтожол

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің 5 өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңыздағы трассалардың 32 учаскесі жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазавтожолға сілтеме жасап.

Республикалық маңызы бар автожолдарда қар тазалау және көктайғаққа қарсы инертті материалдарды себу жұмыстары жүргізілуде.

Жол қозғалысы Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында шектелді.

Қандай жолдардың жабық екендігін ситуациялық картадан толық көруге болады.


Соңғы жаңалықтар