Бес өңірде тау өзендері арнасынан шығуы мүмкін - Қазгидромет

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер ауа райының бұзылуына байланысты 4 облыста және Алматы қаласының маңында өзендегі су деңгейі көтерілетінін ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

«15-17 маусым аралығында Шығыс Қазақстан облысында, 15-16 маусымда Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында және Алматы қаласының іргелес аумақтарында толассыз жаңбыр жауады деп күтілуде. Осыған байланысты кей жерлерде таулы өзендерде су деңгейі көтеріліп, беткейлі, күшті ағын қалыптасуы мүмкін» делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар