USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Бес облыстың аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2021 жылғы 19 қазан 16:50
Бөлісіңіз:
Бес облыстың аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ертең еліміздің 5 өңірінде ауа райына қатысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Көктайғақ: Өскеменде екі күнде 70-тен астам адам жарақат алды 10 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Алматыда қар жауып, көктайғақ болады - тұрғындарға ескерту жасалды

20 қазанда Батыс Қазақстан облысының батысында тұман түсуі мүмкін. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

20 қазанда күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді, кей жерлерде арты шаңды дауылға айналуы мүмкін.

20 қазанда Маңғыстау облысының басым бөлігінде жаңбыр жаууы ықтимал. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ертең Ақтау қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

20 қазанда таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан жел күшейіп, екпіні 15-20 м/с жетеді.

20 қазанда Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT