14:40, 16 Шілде 2019 | GMT +6
Бес облыста күн 45 градусқа дейін ысиды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктер ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар облыста ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
17-19 шілде күндіз Қызылорда, 18-19 шілдеде Маңғыстау, Қарағанды, Ақтөбе, Түркістан облыстарының кей аймақтарында 40-45 градус аптап ыстық болады.
17 шілде күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде күн 35 градусқа дейін ысиды. Солтүстіктен соққан жел кей жерлерде 18 м/с жетеді.