Бес облыста қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қызылорда, Ақмола, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай облыстарында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарт Қазгидрометке сілтеме жасап.

3 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады. Жел оңтүстік-шығыс, шығыстан соғады, таңертең және күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады.

2 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде және таңертең оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

3 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с.

Сол күні Көкшетау қаласында тұман түсуі мүмкін.

2 желтоқсанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Сол күнің Ақтөбе қаласында көктайғақ күтіледі.

3 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Сол күні түнде және таңертең Қостанай қаласында тұман, көктайғақ күтіледі.

Соңғы жаңалықтар