Бес облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бес облысында ауа райының күрт құбылуына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидрометтің баспасөз қызметі.

29 қаңтарда Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

29 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Орал қаласында 29 қаңтарда түнде және таңертең тұман болады.

29 қаңтарда Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

29 қаңтарда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

29 қаңтарда Түркістан облысының оңтүстігінде тұман түседі.
Соңғы жаңалықтар