Валюта бағамдары:
    usd/kzt 422.01 eur/kzt 452.06

    rub/kzt 6.75 cny/kzt 62.72
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2022 жылғы 25 қаңтар 18:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 26 қаңтарда Қазақстанның бес облысында ауа райына байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

26 қаңтар күні Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтілуде. Облыстың солтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Батыс, оңтүстік-батыстан жел соғадып, шығыс бөлігінде түнде жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. 26 қаңтар түнінде Петропавлда жаяу бұрқасын күтілуде.

26 қаңтарда Түркістан облысының оңтүстігі, батысында және таулы, тау бөктеріндегі аудандарында тұман сақталады. Сол күні түнде және таңертең Шымкентте тұман түседі.

26 қаңтар түнінде және таңертең Түркістанда тұман болады. 26 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтілуде, ал солтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Оралда түнде және таңертең тұман болады.

26 қаңтар түнінде Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында, күндіз солтүстік-батысы мен орталығында тұман түседі. Оңтүстік-шығыс, оңтүстіктен жел соғып, күндіз солтүстік-батыс пен орталығында жел екпіні 25-20 м/с дейін жетеді.

26 қаңтарда Павлодар облысының батысында, оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын болып, батыстан жел соғады, жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.


Автор:

Зарина Туғанбаева

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар