Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бес облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

30 қарашада Маңғыстау облысында шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Ертең түнде Ақтауда шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с жетеді.

30 қарашада Атырау облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді.

30 қарашада Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады.

30 қарашада Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетуі ықтимал.

30 қарашада Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші таңертең және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.


Соңғы жаңалықтар