Бес мыңға жуық маңғыстаулық онкологиялық аурумен есепте тұр

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облыстық онкология орталығында 4 912 науқас есепте тұр. Бұл туралы орталықтың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгінгі таңда орталықта 4 912 пациент есепте тұр. Оның ішінде асқазан патологиясымен - 182 науқас, ұйқы безі онкологиясымен-облыстың 55 тұрғыны, қуық асты безі обырымен - 76 ер адам, өкпе онкопатологиясымен - 187 адам тіркелген» делінген баспасөз мәліметінде.

Орталық мамандары онкологиялық ауру белгілерін ерте анықтау мақсатында 17 қарашада ашық есік күнін ұйымдастырмақ.

Шара өкпе қатерлі ісігінің алдын алу айлығы аясында өткізіледі.

Онда мамандар өкпенің төмен дозалы компьютерлік томографиясын қолдана отырып, тегін диагностика жүргізеді.

Тұрғындарды қабылдау 17 қарашада сағат 9:00-14:00 аралығында Ақтау қаласының 1 «А» – шағынауданындағы Маңғыстау облыстық онкология орталығының ғимаратында өтеді.

Соңғы жаңалықтар