Бес медициналық ЖОО сынақ кітапшасы мен студенттік билеттен бас тартты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бес медициналық ЖОО-да оқу процесі толық автоматтандырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Медициналық жоғары оқуға түсуден бастап, диплом мен қосымшалар беру ісі де автоматтандырылды. Бұл жүйе медициналық білімнің ерекшеліктерін ескере отырып жасалған және оқу, әкімшілік, ұйымдастыру, есеп-талдау процесстері басқармаларын автоматтандырады.

Цифрлық технологияның енгізілуімен студенттердің барлық оқу жетістіктерін электронды форматта сақтауға көмектесті, бұл сынақ кітапшасы мен студенттік билеттің қағаз нұсқасынан бас тартуға мүмкіндік береді.

Әр оқушының бұл жүйеде аккаунты мен бірегей ID номері болады. Жеке кабинетте студенттер барлық қажетті ақпараттық ресурстарға, электрондық қызметтерге (транскрипт, электронды студенттік билет, нормативтік құжаттар, оқу бағдарламалары, оқу-әдістемелік материалдар) қол жеткізе алады.

Айта кетейік, 2019-2020 жылдары Қарағанды медициналық университетінде халықаралық стандарттарға сәйкес келетін MIFARE ID смарт-картасын енгізу басталды. Бұл карта пайдаланушыларға көптеген мүмкіндіктерді ашады: оны төлем картасы, оқу орнына жолдама, студенттік және кітапхана карталары, жатақхана бөлмесінің электронды кілті ретінде қолдануға болады.

фото: facebook.com/angarastana


Соңғы жаңалықтар