Бес қырғыз азаматы Башқұртстанда жол апатынан қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бес қырғызстандық азамат Башқұртстандағы жол-көлік апатынан ажал құшты. Бұл туралы бейсенбі күні Ресейдегі әріптестеріне сілтеме жасаған ҚР ТЖМ хабарлады.

Ведомствоның мәліметтерінше, жол апаты бүгін шамамен сағат 1:00-де М-5 Орал күре жолында, Октябрьский қаласына жақын жерде орын алған. Газель шағын автобусының жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, Volvo маркалы жүк көлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік апатының салдарынан жеті адам зардап шеккен, олардың бесеуі қаза тауып, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы ауыр, деп хабарлайды КирТАГ.

Соңғы жаңалықтар