Бес күн бұрын жоғалып кеткен жасөспірім қыз Алматы облысынан табылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бес күн бұрын Алматыда жоғалып кеткен 15 жастағы қыз бала табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Екатерина Мелкова бүгін Алматы облысының Комсомол ауылынан табылған.

Оны іздеу жұмыстарына криминалдық және ювеналдық полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар және еріктілер жұмылдырылған.

«Қыз бала ата-анасына жіберіледі», - деп хабарлады полицияда.

Бұған дейін жасөспірімнің 6 наурыз күні жоғалғаны туралы хабарланған.


Соңғы жаңалықтар