+7 (701) 759 90 19
USD 375.91 EUR 416.85
RUB 6.10 CNY 54.77
Jańalyqtar

Бес қазақстандық спортшы KWU  киокушинкайдан ӘЧ финалына өтті

2019 жылғы 8 желтоқсан 23:36
Бөлісіңіз:
Бес қазақстандық спортшы KWU  киокушинкайдан ӘЧ финалына өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елордадағы «Жекпе-жек» сарайында KWU киокушинкайдан ерлер және әйелдер арасында салмақ дәрежелері бойынша әлем чемпионатыны басталды, деп хабарлайды Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Бүкіләлемдік қар күні: елордалықтар қыс фестивалін атап өтті Конор Макгрегор  қарсыласы Дональд Серронені 40 секундта нокаутқа жіберді Баландин Бейжіңдегі Champions Swim Series  туринрінің 2-кезеңінде 4-орын алды

Әлем чемпионаты 15 салмақ дәрежесі бойынша өтуде. Ерлер тоғыз (60, 65, 70, 75, 80, 85, 90, 95 және 95 кг жоғары) және әйелдер алты салмақта (50, 55, 60, 65, 70 және 70кг жоғары) бақ сынауда.

Жалпы, әлемнің 54 елінен 301 спортшы қатысуда. Бүгін жартылай финал мен ширек финалдық кездесулер ұйымдастырылды.

Финалдық кездесуге: ерлер арасында 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Еркебұлан Бейсембаев, 85 келіге дейінгі салмақта Владимир Артюшин, әйелдер арасында 50 келіге дейінгі салмақта Устюгова Людмила, 60 келіге дейінгі салмақта Екатерина Гурова, 70 келіге дейінгі салмақта финалға Алемгуль Сабырхан өтті.

Он спортшы: 60 келіге дейінгі салмақта Темірлан Жәнібек, 75 келіге дейінгі салмақта Коваленко Артур, Сәдуақасов Нұрлыхан, 95 келіге дейінгі салмақта Гарас Никита, 90 келіге дейінгі салмақта Сүйінов Мерей; әйелдер арасында 55 кг дейінгі салмақта финалға Иоанна Белых, 60 кг дейінгі салмақта Елизавета Липова, 65 кг дейін Тоғызбаева Эльнара, 70 келіден жоғары Жақсыбаева Ажар және Бочина Лидия қола жүлдегер атанды.

Финалдық кездесулер ертең «Жекпе-Жек» сарайында өтеді.

Чемпионаттың ұйымдастырушылары – Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығы, Kyokushin World Union Халықаралық қауымдастығы. Әлем чемпионаты Қазақстанда өтіп жатқандықтан ұлттық құрама екі құраммен өнер көрсетуде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT