Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру шаралары БАҚ-та белсенді көрсетілуі керек - С.Сәрсенов

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысының ел халқына арнаған Ұлт жоспарының төртінші бағытында айтылған міндеттерді ақпараттық-түсіндіру мақсатында ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Сәкен Сәрсенов Көкшетауда болып, ғылыми-сараптама қоғамдастығы, партия ұйымдарының өкілдері, профессорлық-оқытушылар құрамы және жастармен кездесті.

Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Достық үйінде өткен шарға 100-ден астам ғылыми- шығармашылық, қоғамдық ұйымдар және жастар қозғалысының жетекшілері қатысты.

Кездесуде С.Сәрсенов Ұлт жоспары бағдарламасының төртінші бағытында айтылған мәдениет, дін, спорт және мемлекеттік емес ұйымдар саласына қатысты міндеттерді жүзеге асыру бойынша нақты шаралардың қолға алынғанын, әсіресе, отандық БАҚ жұмысына басымдық беріліп отырғанын атап өтті.

"Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бағытындағы қолға алынып отырған барлық шаралар БАҚ-та белсенді көрсетілуі керек. Осы орайда, отандық бұқаралық ақпарат көздеріне қазіргі заманғы ақпараттық арналарды пайдалану арқылы реформа өткізуге қоғамды жұмылдыру міндеті жүктеліп отыр", - деді С.Сәрсенов.

Сонымен қатар ол Ұлт жоспары басымдықтарының маңыздылығы, жүзеге асыру тетіктері жөнінде айтып берді. "Ұқсастық және бірлікті" нығайту бойынша тұжырымдама жобасын жетілдіру жолдары қарастырылды.

Сараптама тобы жұмысының қорытындысы бойынша "Ұқсастық және бірлік" бағыты аясында нақты қадамды жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар жүйелендірілді.

Соңғы жаңалықтар