Бес боксшы қызымыз әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның Гувахати қаласында бокстан өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында жартылай финалистер анықталды, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінен.



Осылайша, қандай елдер, қанша медаль иеленетіні бүгіннің өзінде белгілі. Атап айтқанда, Үндістан - 7, Ресей - 6, Қазақстан - 5, Қытай, Англия, Ирландия, Жапония, АҚШ, Түркия - 2 медальдан,  Австралия, Тайбэй, Германия, Италия, Оңтүстік Корея, Моңғолия, Польша, Таиланд, Украина және Вьетнам бір-бір медаль еншілейді. 

Қазақстанның 10 спортшысының бесеуі жартылай финалға өтті.

Атап айтқанда, 24 қараша күні қазақстандық Жансая Әбдірайымова (51) ринг иесі Джиотиге қарсы шығады, сондай-ақ Дина Исламбекова (+81) үндістандық тағы бір спортшы Неха Ядавпен қолғап түйістіреді.

25 қараша күні Жазира Орақбаева (48), Жансая Балтабекова (60) және Арайлым Бекділдә (81) рингке шығатын болады.

Соңғы жаңалықтар