Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Бес баланың өмірін жалмаған өрт неден шықты

2019 жылғы 4 ақпан 17:14 2053
Бөлісіңіз:
Бес баланың өмірін жалмаған өрт неден шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин бес қыздың өмірін қиып кеткен қайғылы оқиғаның алдын ала себебін жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, өрт шыққан құрылыс нысаны уақытша тұруға арналған. Ол жерде тура сондай бірнеше нысандар бар. Иесі - қайтыс болған балалардың анасының үлкен апасы.

«Алдын ала қорытындыға сәйкес, балалар иіс тиіп, қайтыс болған. Бұл дегеніміз, үйдің төбесі опырылып құлағанда барлығы ес-түссіз жатқан», - деді Ю.Ильин журналистерге берген сұxбатында.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, қайғылы жағдайға тап болған отбасының туыстары жарты сағат бұрын балаларды көріп кеткен. Пеш те дұрыс істеп тұрды. Ал түнгі сағат 2:34 көршілер өрт сөндіру қызметіне xабар берген.

«Өрт неден шықты? Далаға шығатын мұржаның асбест қаптасы болмаған. Содан ағаш шатыр өрттенді. Қазір арнайы зертxана жұмыс істеп жатыр. Соның қорытындысы бойынша нақты себептер белгілі болады», - деп атап көрсетті Ю.Ильин.

Айта кетейік, 4 ақпан күні түнде елорданың Сарыарқа ауданындағы Көктал-1 тұрғын алабында өрт шықты. Өртті сөндіру барысында 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылы дүниеге келген 5 баланың денесі табылды. Ең кішісі небәрі 11 айлық сәби еді.

Өрт кезінде бес баланың ата-анасы түнгі жұмыста болған.

Үйдің отағасын түнгі уақытта жұмыс берушісі шақырып алған.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Нұр-Сұлтан,
Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT