Бес айда ел экономикасы 4,5 пайызға өсті – Әлібек Қуантыров

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Осы жылдың қаңтар-мамырында ел экономикасы 4,5 пайызға өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сәйкес, биыл өткен жылдың қаңтар-мамырымен салыстырғанда Қазақстан экономикасы 4,5 пайызға өсті. Оның ішінде нақты сектордағы өсім – 3,6, ал қызмет көрсету саласында 4,9 пайызды құрады. Негізгі салалардың барлығында оң динамика байқалуда, әсіресе құрылыс, сауда, сондай-ақ ақпарат және байланыс ең жоғары өсімді көрсетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 17,2 пайызды құрады», – деді министр.

Оның дерегінше, инвестициялар ағыны көлік және қоймалауда – 56,1, ауыл шаруашылығында – 30,8, жылжымайтын мүлікке қатысты операцияларда – 3, сондай-ақ өнеркәсіпте – 15,7, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 13,4 және өңдеу өнеркәсібінде 2,8 пайызға артты.

«Өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Түркістан, Маңғыстау, Қызылорда және Қостанай облыстарында байқалды», – деді Әлібек Қуантыров.


Соңғы жаңалықтар