+7 (701) 759 90 19
USD 435.54 EUR 473.08
RUB 5.76 CNY 61.64
Jańalyqtar

Бес ай хабарсыз кеткен азамат табылды - Алматы облысы

2020 жылғы 29 ақпан 14:31
Бөлісіңіз:
Бес ай хабарсыз кеткен азамат табылды - Алматы облысы

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының полицейлері хабарсыз кеткен 27 жасар азаматты тауып, отбасымен табыстырды. Қаратал ауданының тұрғыны 2019 жылдың қазан айында үйінен шығып, жоғалып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада полицей отқа оранған пәтерден әйел адамды алып шықты Францияда білгісіз біреу адамдарға пышақпен шабуылдап, 2 адамды мерт қылды Коронавирус: Францияда түрмеде отырған 6 мыңнан астам адам бостандыққа шықты

Үштөбе қаласының 57 жастағы тұрғыны 27 жасар ұлының үйден шығып жоғалып кеткені туралы арызданған. Ер азамат психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған. Тәртіп сақшылары адам жоғалу фактісі бойынша іс қозғап іздеу жұмыстарын бастап кеткен. Іздестіру шараларына еріктілер мен басқа да ана қайғысына бей-жай қарай алмаған азаматтар жұмылдырылды. Тұрғылықты мекені бойынша барлық жер тексеріліп, Үштөбе қаласы маңындағы басқа елді мекендер де қаралды. Жоғалған адамның белгілері мен суреттері барлық полиция бөлімдеріне таратылды. Алайда іздеу жұмыстары нәтижесіз болды. Бірақ жұмысын тоқтатпаған полицейлер жуырда жоғалған азаматтың ізіне шығып, Талдықорған қаласындағы орталық базардан тапты. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қаратал аудандық полиция бөлімінің капитаны Амандық Асылханов хабарсыз кеткен азаматты Үштөбе қаласына жеткізіп, анасымен қауыштырды. Ұлының аман-есен табылғанына қуанған ана іздеу жұмыстарына атсалысқан азаматтар мен тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы облысы, Оқиға, ҚР ІІМ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT