Берлиннің батысындағы оқ-дәрілер қоймасында жарылыс болып, өрт шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Груневальд аймағындағы жарылыстың себебі анықталуда. Зардап шеккендер туралы хабарлама жоқ. Маңайда теміржол қозғалысы үзіліп, 115-ші автобан бөлігі жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Deutsche Welle агенттігіне сілтеме жасап.

Берлиннің батысындағы Грюневальд ауданында 4 тамызда оқ-дәрі мен пиротехникалық заттар сақталған қоймада жарылыс болды. Салдарынан үлкен өрт шықты. Полиция өкілінің айтуынша, жарылыс себебі анықталуда. Өрт бір жарым гектар аумақты шарпыған.

Оқиға орнында 100-ден астам өрт сөндіруші мен полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Германия қарулы күштерінің басқа қызметтері мен арнайы күштерінен көмек сұралды.

Әзірге зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы ақпарат түскен жоқ. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, тұрғын үйлерге қауіп төнбеген. Ең жақын тұрғын үйлер оқиға орнынан кемінде екі шақырым жерде орналасқан.

Билік Берлин тұрғындарын мүмкіндігінше аймақта өрттің пайда болуына жол бермеуге, сонымен қатар Грюневальд орманына бармауға шақырды. Ескертулер мобильді қосымшалар арқылы да таратылады. Көрші аудандардың тұрғындарына терезелер мен есіктерді жабық ұстауға және кондиционерлерді қоспауға кеңес берілді.



Фото: dw.com






Соңғы жаңалықтар