Берлинде бомба табылып, 7 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды

None
None
БЕРЛИН. ҚазАқпарат - Берлиннің 7500 тұрғыны сенбі күні Екінші дүниежүзілік соғыс кезінен қалған бомбаның табылуына байланысты өз үйлерін тастап шығуға мәжбүр болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Berlin Spectator сайтына сілтеме жасап.

Салмағы 250 келі снарядты Берлиннің Кройберг ауданында құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында тапқан. Мамандар бомбаны бір күн ішінде залалсыздандыруды көздеп отыр. Эвакуация жергілікті уақыт бойынша сағат 08:00 басталды. Таныстарына немесе туысқандарына бара алмаған азаматтарға уақытша баспана ұсынылды.

Снарядты залалсыздандыруға байланысты қаладағы қоғамдық көлік, оның ішінде метро мен автобус қозғалысы шектелді.


Соңғы жаңалықтар