+7 (701) 759 90 19
USD 399.51 EUR 447.33
RUB 5.78 CNY 56.10
Jańalyqtar

Берлин-Алматы чартерлік рейсінің 7 жолаушысынан коронавирус табылды

2020 жылғы 25 наурыз 15:00
Бөлісіңіз:
Берлин-Алматы чартерлік рейсінің 7 жолаушысынан коронавирус табылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Берлин-Минск-Алматы» чартерлік рейсінің 12 жолаушысының жетеуінен коронавирус табылды. Олардың арасында бортсерік әйел де бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы бүгін онлайн брифинг барысында қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова айтты.

Оның айтуынша, борт 13 наурызда ұшып келген.

«Бұл борт келісімен біз инфекциялық стационарға оқшауладық. Бортта болған 12 адамның барлығы: 9 жолаушы мен 3 экипаж мүшесі жеке боксқа жатқызылды. 12 адамның жетеуінен коронавирус табылды. Оның ішінде бортсерік әйел бар. Олар қоғамға қауіп төндірмейді. Себебі, ауру ошағы дер кезінде залалсыздандырылып үлгерді», - деді А.Молдақасымова.

Айта кету керек, қазір Қазақстанда 79 коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелген.

Нұр-Сұлтан қаласында – 41 адам, Алматыда – 31 адам, Қарағандыда - 2, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында – 1, Шымкентте - 1, Жамбыл облысында - 1, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам ауру жұқтырған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Оқиға, Коронавирус,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT