Берік Уәлидің «1 студия» қоғамдық-саяси ток-шоуы эфирге шығады

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең танымал журналист Берік Уәлидің «1 студия» қоғамдық-саяси ток-шоуы эфирге шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бағдарламаны бүгінде ҚР Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі және Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры қызметін атқарып жүрген танымал тележурналист Берік Уәли жүргізеді.

«1 студия» деген атаумен шыққалы отырған хабар барысында еліміздегі ең өзекті деген саяси тақырыптар қамтылмақ. Ток-шоудың алғашқы нұсқасы ертең, сәуірдің 16-сы, жексенбі күні сағат 20-00-де «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында эфирге шығады.

Осы жолғы хабарға Әміржан Қосанов, Айдос Сарым, Абылай Мырзахметов, Дархан Қалетаев сынды 4 спикер қатысады деп күтілуде.  

Айта кетейік, Берік Уәли осыған дейін еліміздің белді деген телеарналарында қызметіп етіп, көптеген хабарларды жүргізіп жүрген қалың көпшілікке кеңінен танымал журналист.

Соңғы жаңалықтар