+7 (701) 759 90 19
USD 420.65 EUR 505.03
RUB 5.64 CNY 65.01
Jańalyqtar

Берік Уәли Президент тапсырмалары жайында: Айтылды, орындалды

2021 жылғы 23 ақпан 14:35
Бөлісіңіз:
Берік Уәли Президент тапсырмалары жайында: Айтылды, орындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында мемлекеттік органдар тарапынан берілетін құжаттарды цифрландыру процесі қалай жүргізіліп жатқаны туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында «30 игі іс» акциясы өтіп жатыр

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы Қазақстан халқына Жолдауында: «Халыққа электронды сервистерді пайдалануға қолайлы жағдай жасап, мемлекеттік қызет көрсету ісінде де, жеке секторда да биометрияны қолданудың нақты шараларын қабылдаған жөн», - деп нақты тапсырма берген болатын.

Бүгінде осы тапсырманы жүзеге асыру аясында мобильдік азаматтар базасында тіркелген нөмірге біржолғы хабарлама түрінде құпия сөзді жолдау арқылы қызметтергеқол қою тетігі іске асырылды.

Қазіргі уақытта біржолғы хабарлама түріндегі құпия сөз арқылы қол қойып, 120-дан астам мемлекеттік қызмет түрін және сервис алуға болады. Egov порталында QR-код арқылы мемлекеттік қызметтерге қол қою қызметі іске қосылды. Адамның бет-әлпетін биометриялық сәйкестендіру арқылы қашықтан ЭЦҚ алудың пилоттық жобасы әзірленіп, іске қосылды.

Қызметтің осы түрі іске қосылғалы бері жеке және заңды тұлғалар үшін 2,3 миллионнан астам ЭЦҚ шығарылды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы жеке куәліктер, дипломдар мен жүргізуші куәліктерінің электрондық нұқасын енгізу және мемлекеттік органдардың жұмысын цифрландыру процестерін қамтамасыз ету керектігін тапсырған болатын

Аталған тапсырма аясында қазіргі уақытта eGov mobile мобильді қосымшасында келесі құжаттардың цифрлық нұсқасы қолжетімді.

- жеке куәлік,

- жүргізуші куәлігі,

- туу туралы куәлік,

- неке қию куәлігі,

- аты-жөнін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлік,

- неке бұзу туралы куәлік,

- электронды техникалық құжат,

- ПТР талдамасының нәтижелері,

студент билеті,

- білім алғаны туралы диплом.

Цифрлық құжаттар қағаз түріндегі түпнұсқаның электрондық нұсқасы және QR-код түрінде жасалады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT