+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.71 EUR 429.17
RUB 6.02 CNY 54.66
Jańalyqtar

Берік Уәли: Президент Абай өлеңін оқу бірреттік науқан болып қалмауына үлкен мән беріп отыр

2019 жылғы 22 тамыз 15:52
Бөлісіңіз:
Берік Уәли: Президент Абай өлеңін оқу бірреттік науқан болып қалмауына үлкен мән беріп отыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Абай өлеңінен үзінді оқу эстафетасына қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
#Абай175: Қазақстандық футболшылар Абайдың өлеңін оқыды

«Жақында «Жас қазақ» ұлттық апталығына белгілі абайтанушы ғалым, бүгінде жасы 90-нан асып отырған әдебиетіміздің абыз ақсақалы Мекемтас Мырзахметов ағамыздың тамаша сұхбаты шыққан еді. Осы сұхбатты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы да оқып, «Бұл кісіге эстафетаны өзің берсең жөн болады» деп маған арнайы тапсыр ған болатын. Президенттің осы тапсырмасы бойынша дана Абайдың бір өлеңін оқымақпын», - деген Берік Уәли «Әуелде бір суық мұз— ақыл зерек» өлеңін оқып берді.

Президенттің баспасөз хатшысы Абай өлеңдерін оқу эстафетасына Қасым-Жомарт Тоқаев та қолдау білдіріп, ақынның өлеңін оқығанын еске салды. Оның айтуынша, Мемлекет басшысы осы игі бастаманың бірреттік науқан болып қалмауына үлкен мән беріп отыр.

«Осыған орай, Президент Әкімшілігінің Б асшысы Қырымбек Елеуұлы еліміздегі дипломатиялық өкілдіктер мен шетелдердегі біздің елшіліктерді, Қазақстан халқы А ссамблеясын, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын, Абайдың есімін иеленген ж оғары оқу орындары мен колледждер ұжымдарын, орта мектептерді, Абай аудандары мен ауылдарын, тіпті , қала берді Абай есімді азаматтардың бәрін қамтыған шын мәніндегі жалпыхалықтық эстафетаға айналдыру мақсатында, тиісті мекемелерге арнайы Тапсырма-жоспар әзірлеуге нұсқау берді. Бұдан Абай шығармаларын оқу эстафета сы ның қаншалықты маңызды екенін аңғаруға болады», - дейді ол.

Берік Уәлидің айтуынша, бұл игі бастама бір жыл бойы өтіп, келесі жылдың осы уақытына белгіленіп отырған ақынның 175 жылдық мерейтойына дейін жалғасуы тиіс.

«Еліміздің барлық азаматтарын осы челлен д жге атсалысуға тағы да шақырамын. Енді осы эстафетаны белгілі абайтанушы, ғалым Мекемтас Мырзахметов ағамызға, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым Амангелді Айталы ағамызға, жазушы, алаштанушы-ғалым Тұрсын Жұртбай ағамызға, сондай-ақ досым Тәубажанға және жалпы абайтанушы, зерттеуші ғалымдардың бәріне жолдаймын», - деп түйді ол .

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жастағы мектеп оқушысының Абай өлеңін оқу бойынша эстафетасын қабыл алып, оны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға, және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT