Берік Уәли Баян-Өлгейдегі селден домбырасы сынған балаға жаңа домбыра беріп жібермек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Берік Уәли Баян-Өлгейдегі селден домбырасын сындырып алған бүлдіршінге жаңа домбыра тарту етпек.

Бұл ол туралы өзінің фейсбуктегі жеке парақшасында мәлім етті. Онда: «Мына баланы танымаймын. Бірақ, ол - менің бауырым. Өйткені, ол - Қазақ! Бүлдіршіннің домбырасы бүлініпті. Ішегі үзіліп, тиегі сыныпты. Бірақ, оның үміті үзілген жоқ. Арманына жетсін. Он саусағынан өнер тамған күйші болсын деп домбыра атадым оған. Жігіттер жеткізіп берер. Бауырым арманыңа жеткейсің! Баян-Өлгейдегі селден зардап шеккен бауырларымызға көмегімізді аямаспыз. Дегенмен, осы сурет көңілімді алай-дүлей етті. Осы баланың аты-жөнін білетіндер хабарласса екен деймін», - деп жазылған парақшасында.

Соңғы жаңалықтар