Берік Таңжарықов Қостанай облысының Қостанай ауданына әкім болды

None
Фото: Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Берік Таңжарықов Қостанай облысы Қостанай ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Берік Қуанышұлы 1990 жылы Қостанай облысында туған. Білімі жоғары.

Еңбек жолын 2011 жылы бастап, одан бері құрылыс саласындағы түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

2015-2018 жылдары Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары және басшысы болып жұмыс істеді.

2018 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасын басқарды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қостанай ауданының әкімі қызметін Тәукенов Жансұлтан Қоныртайұлы атқарып келген еді.






Соңғы жаңалықтар