Берік Имашев ТМЫК бас хатшысының орынбасарымен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Түркітілес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі бас хатшысының орынбасары Гисмат Гозаловпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында ҚР ОСК төрағасы Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің делегациясына 2019 жылдың 9 маусымына тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық процесімен таныстырды.

Өз кезегінде Гизмат Гозалов Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің делегация мүшелерімен таныстырып, Түркі кеңесі байқаушылары Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында жұмыстарын бастағандығын атап өтті. Сонымен қатар ол сайлауға байқау қорытындысы бойынша 10 маусым күні баспасөз мәслихатын өткізетіндігін айтты.

Айта кетейік, Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі туралы келісімге 2009 жылдың 3 қазанында Әзербайжанның Нахчыван қаласында өткен Түркітілес мемлекеттер басшыларының ІХ саммитінде ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қол қойылған болатын. Қазіргі уақытта Түркі кеңесіне Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия елі мүше. Венгрияның байқаушы ел мәртебесі бар.

null null null

Соңғы жаңалықтар