Берік Имашев ТМД байқаушыларымен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының байқаушылар миссиясының басшысы Сергей Лебедев бастаған делегациямен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында Берік Имашев ТМД делегациясын 2019 жылдың 9 маусымына тағайындалған кезектен тыс Президенттік сайлауға дайындық процесімен таныстырды.

Өз кезегінде Сергей Лебедев ТМД-ның сайлауды байқауға қатысып отырған бұл миссиясы достастық аясындағы ең ірі миссия екендігін айтты. ТМД елдерінің байқаушылар миссиясы Қазақстандағы өз жұмысына 2019 жылдың 20 мамырынан бастап кіріскен. Сол уақыттан бері 20 ұзақмерзімді байқаушы жұмыс жасап, миссияның штабы құрылған. Ұзақмерзімді байқаушылар еліміздің бірқатар облысында болып, барлық облыста байқаушылар бекетін ұйымдастырған.

Сонымен қатар миссия жетекшісі Қазақстандағы оң өзгерістерге тоқталып, сайлау учаскелерінде мүгедектерге арналған жеке кабиналардың ашылып, пандустармен жабдықталғанын атап өтті. Сайлау процесіне барлық қатысушының кәсіби деңгейі айтарлықтай өскендігіне назар аудартты.

Соңғы жаңалықтар