Берік Имашев сайлау жүйесіндегі негізгі өзгерістерді атады

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Жаһандану мен ақпараттық қоғам сайлау науқанының басты элементіне айналуда. Мұндай пікірді бүгін елордада өтіп жатқан ҚР Орталық сайлау комиссиясының 25 жылдығына арналған халықаралық конференцияда аталған комиссия төрағасы Берік Имашев білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өзгерістердің біріншісі коммуникациялық процестерге де ықпалын тигізетін технологиялық вектор екендігі сөзсіз. Жаһандану мен ақпараттық қоғам сайлау науқанының басты элементіне айналуда. Ақпараттық қоғам - бүгінгі күннің ең айқын әрі ең болжап болмас феномені қоғамдық өмірдің барлық салаларының технологиялануы сайлау технологиясының дамуына да мүлдем тың серпін береді. Интернет технология сайлау процесінің барлық кезеңінің маңызды, тіпті ажырамас компонентіне айналып отыр. Сайлауларды ақпараттық қамтамасыз ету, сайлауалды үгіт-насихат, қашықтан дауыс беру, дауыстарды санау - бүгінде бұл процестер әлемнің көптеген елдерінде автоматтандырылған және цифрландырылған»,- деді Берік Имашев. 

Оның айтуынша, екінші вектор - коммуникациялық. Бұл ретте ақпараттық қоғам аясында өмір сүре отырып, оның қатысушысы болмау іс жүзінде мүмкін емес. Бұл қазіргі заманның шындығы. Ал қазіргі заманның интерактивті мүмкіншіліктері кедергілерді жоя отырып, кері байланысты жеделдету арқылы саяси коммуникацияны айтарлықтай жеңілдетіп отыр.null

«Үшінші вектор - халықаралық-құқықтық өзгерістер. Әлем барынша жаһанданып келеді. Осыдан 20 жыл бұрын бір елдің құзыретінде болған мәселелер бүгінде көптеген елдердің тағдырына ықпал етуі мүмкін. Қазіргі заманғы технологиялар бізді жаһандық цифрлық демократияға жақындата отырып, ғаламшарлық маңыздағы мәселелер бойынша бүкіл жер тұрғындарының ерік білдіруі үшін мүмкіншілік ашады», - деді ҚР ОСК төрағасы. null 

Айта кетейік, 2 күндік халықаралық конференция қатысушыларына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев,  ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау жолдаған болатын. 

Алқалы жиынға Әзербайжан, Ресей, Латвия, Литва, Тәжікстан, Грузия, Қырғызстан сынды елдердің Орталық сайлау комиссияларының төрағалары қатысуда.

Конференция аясында ҚР Орталық саулау комиссиясы мен Әзербайжанның Орталық сайлау комиссиясы және Иорданияның Тәуелсіз сайлау комиссиясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылмақ.

Соңғы жаңалықтар