Берік Имашев мәслихат депутаттары сайлауының қорытындысына пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары және дауыс беру қорытындылары бойынша арналған отырыс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отырысқа саяси партиялардың өкілдері, онлайн режимінде облыстардың, Нұр-Cұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссиялары қатысты.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев отырысты аша отырып, мәслихаттар депутаттарын сайлау қорытындыларын анықтау жөніндегі өкілеттіктер аумақтық сайлау комиссияларына тиесілі екенін атап өтті. Тиісті жұмыстарды облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссиялары барлық 216 мәслихат бойынша жүргізді.

Осыған байланысты отырыста Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары және дауыс беру қорытындылары бойынша мәслихаттардың депутаттық мандаттарын бөлу туралы аумақтық сайлау комиссияларының есептері тыңдалды.

«Сайлау науқанында атқарылған жұмыстар үшін баршаңызға алғыс айтамын. Осы арқылы мәслихат бойынша сайлау науқанын аяқтадық. Мәслихат депутаттары алғаш рет пропорционалды сайлау жүйесі бойынша сайланды. Бұл 2007 жылғы конституциялық реформаның қисынды жалғасы болып саналады, республикалық және жергілікті деңгейлерде өкілді органдарды қалыптастыру жөніндегі тәсілдерді біріздендіреді», - деді Берік Имашев.

Оның айтуынша, «ҚР Сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес депутаттық мандаттарды бөлу кезектілігін саяси партияның тиісті филиалының басшы органы сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап бес күннен кешіктірмей айқындайды.

Мәслихаттар депутаттарын сайлау қорытындылары туралы хабарды тиісті аумақтық сайлау комиссиялары жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.


Соңғы жаңалықтар