Берік Бисенқұлов ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Берік Байболұлы Бисенқұлов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция генерал-майоры Берік Байболұлы 1963 жылғы 1 қазанда Гурьев облысының Доссор кентінде дүниеге келген. Білімі жоғары.

1985 жылы Қазақ политехникалық институтын, 1994 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Қарағанды жоғары мектебін тәмамдады.
Құқық қорғау органдарындағы қызметін 1986 жылдан бастап Маңғыстау облыстық атқару комитетінің ІІБ МАИ бөлімінің жол қадағалау инженері болып бастады.
1986-2001 жылдары аралығында - Маңғыстау облысының ІІБ-де, сондай-ақ Алматы қаласының ІІБ-де әртүрлі басшы лауазымдарды атқарды.
2001-2003 жылдары аралығында - Алматы қаласының БІІБ Жол полициясы басқармасының бастығы.
2003-2007 жылдары аралығында - Алматы қаласының ІІД бастығының орынбасары.
2007-2009 жылдары аралығында - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кеңесшісі.
2009-2010 жылдары аралығында - Алматы облысының ІІД бастығының орынбасары.
2010-2011 жылдары аралығында - Көліктегі ІІД бастығының орынбасары.
2011-2013 жылдары аралығында - Қазақстан Республикасы ІІМ Жол полициясы комитетінің төрағасы.
2013-2014 жылдары аралығында - Қазақстан Республикасы ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінің бастығы.
Соңғы атқарған қызметі ҚР ІІ министрінің орынбасарлығына 2014 жылғы 12 тамызда тағайындалды.
2-ші дәрежелі «Данқ» орденімен, «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ардагері» медальдарымен, «ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері» төс белгісімен және ведомстволық наградалармен марапатталды.
Үйленген.

Соңғы жаңалықтар