Берік Беркімбаев ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болды
17:08, 20 Қаңтар 2022
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының өкімімен Берік Серікұлы Беркімбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
Сонлай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Марат Еркінұлы Дәуешов ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.