+7 (701) 759 90 19
USD 389.81 EUR 430.27
RUB 6.06 CNY 54.91
Jańalyqtar

Берік Әбдіғалиұлы Ұлытауға әкім болып тағайындалды

2019 жылғы 2 қазан 12:45
Бөлісіңіз:
Берік Әбдіғалиұлы Ұлытауға әкім болып тағайындалды

ҰЛЫТАУ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Ұлытау ауданында активке жаңа әкімді таныстырды. Бұл өңірді Берік Әбдіғалиұлы басқаратын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде баспасөз хатшысы судья болды Қызылорда облысында бірқатар тағайындаулар болды Қызылордада Табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы тағайындалды

«Жаңа әкімнің кандидатурасына аудандық мәслихат депутаттары дауыс берді. Ол Ұлытау тұрғындарына да белгілі, себебі 2010 жылы осы ауданды басқарған», - делінген облыс әкімдігінің ресми сайтында.


Берік Әбдіғалиұлы 1971 жылы Қарағанды облысының Рудник кентінде дүниеге келген. Мамандығы бойынша - тарих және қоғамтану оқытушысы. 1989 жылы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында кітапханашы ретінде еңбек жолын бастаған. Әр жылдары ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында жұмыс істеді. Бөлім меңгерушісі орынбасарының міндетін атқарған және басшы орынбасары лауазымында болған. Сондай-ақ ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ішкі саясат департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.


1999-2000 жылдары ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау орталығы (Астана) меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды. 2001-2002 жылдары Теміртау қаласы әкімінің орынбасары лауазымында болған.

2012 жылы Жезқазған қаласының әкімі болып тағайындалды және осы жылы ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесіне өтіп, бірінші вице-премьердің кеңесшісі болды.

2013 жылы – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болды.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Музейі» РМКК жанындағы «Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы болды.

Қазіргі уақытқа дейін ҚР Мәдениет және спорт Министрінің штаттан тыс кеңесшісі, ҚР Ұлттық мұрағатындағы «Архив-2025» ғылыми-әдістемелік орталығын басқарды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT