+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Берік Әбдіғалиұлы: Енді Кенесарының бас сүйегін қайтару керек

2016 жылғы 6 қазан 14:55
Бөлісіңіз:
Берік Әбдіғалиұлы: Енді Кенесарының бас сүйегін қайтару керек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәуелсіздіктің 25 жылдығында Кейкі батырдың бас сүйегінің жеткізілуі игілікті шара. Бұл туралы Астанадағы халықаралық әуежайында батыр бабаның бас сүйегін қарсы алуға келген саясаттанушы, қоғам қайраткері Берік Әбдіғалиұлы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кейкі батырдың бас сүйегі елге жеткізілді, ендігі кезекте Кенесары ханның бас сүйегін алып келу қажет. Көп жылдан бері Қазақстаннан ғалымдар іздестіру жұмыстарын үзбей жүргізіп келеді. Әзірге табылмай жатыр. Осы ретте Ресейдің ғалымдары қосылып, тауып берсе жақсы болар еді. Өйткені, олардың ғалымдарында көптеген құжаттарды тексеріп шығуға мүмкіндіктері бар»,-деді қоғам қайраткері.
Сонымен қатар ол Қырғызстан жерінде де тиісті зерттеу жұмыстарын жүргізу маңызды екенін жеткізді.

«Ханның басын таппасақ та, Кенесарының қаза болған жері белгілі ғой. Қырғызстан жерінде зерттеу жұмыстарын тереңдетіп, сараптамалық жұмыстар жүргізуге болады. Сондықтан іздеуді тоқтатпау керек. Себебі, бұл қазіргі буынның парызы деп білемін»,-деді Әбдіғалиұлы.

Оның сөзіне қарағанда, осыдан 10 жыл бұрын ғылыми жұмыстар арқылы Санкт-Петербордағы антропологиялық қордың кунсткамерасына барып, Кейкі батырдың бас сүйегін сұраған екен. Сол кезде музей басшылығы бас сүйекті бермейтіндігін хабарлаған көрінеді.

«Олар өздерінің жауабында бас сүйек Ресей Үкіметінің меншігінде тұрғандығын, бұдан басқа кунсткамерада Кавказдан және басқа да елдерден көптеген адамдардың басы сақтаулы екенін, егер бассүйекті Ресей тарапы Қазақстанға берсе, қалған елдер жаппай сұрау жолдайтынын айтқан болатын. Бұл тұрғыда музей басшылығы үкімет қаулысы шыққан жағдайда ғана бізге табыстай алатынын хабарлады»,-деп нақтылады қоғам қайраткері.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT