+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Берелде дала амазонкалары жерленген - Даниал Ахметов

2017 жылғы 10 тамыз 04:30
Бөлісіңіз:
Берелде дала амазонкалары жерленген - Даниал Ахметов

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Берел жазығында профессор Зейнолла Самашев бастаған ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқан №5 қорғанға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Зейнолла Самашев жақында ғана №5 ескі қорғаннан ІІІ ғасырдың басы - ІV ғасырдың аяғында өмір сүрген болуы ықтимал ақсүйек әйелдің тоны, белбеуі және әбзелдерімен бірге екі аттың қалдықтары табылғандығын айтты.

Әкім Зейнолла Самашевпен бірге 7 метрлік қорғанға түсіп, онда табылған ежелгі жәдігерлермен жан-жақты танысты.

«Жерленген әйел қабірінде қанжар табылды. Бұл әйелдің жауынгер болғанын дәлелдейді. Ежелде әйелдер ерлерімен бірге жауға шапқан. Олар жауынгер, дала амазонкалары болған. Оған мысалдар жетерлік. Ұзаққа бармай-ақ тарихта өзінің орны бар, осы аумақта мекендеген Тұмар ханшайымды алуға болады. Бір-біріне жақын жатқан қорғандарда жауынгер әйелдердің жерленуі кездейсоқтық емес. Алтын ғасырда өмір сүрген әйелдер ерлерімен тең құқылы болып, маңызды шешімдерде олардың дауысы есепке алынған», - деді Даниал Ахметов.
3

Өткен жылы Берел жазығындағы № 2 қорғаннан өз заманында өте ықпалды тұлға болған адамның мүрдесі мен алтынмен апталған 7 ат табылған болатын.

Айта кетейік, Берелде сақ патшаларының 100-ден астам қорғаны шоғырланған. 1998 жылдан бастап бұл жерде археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп келеді. Нәтижесінде кешегі тасқа қалаған тарих бүгінгі ұлттық тарихымызға мол мұра болып қосылып жатыр.

катон шемониаха 1 2 null null null null null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Саягүл Жарылқасын

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT