«Берел» қорғандары аумағында ашық аспан астындағы музей ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында әлемге әйгілі Берел қорғандары аумағында ашық аспан астындағы музей ашылды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Музей №11 қорғанның аумағында ашылды. Жобаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы жүзеге асырды.
Берел қорғандары - Қазақстандағы сақ дәуірі кезеңінің органикалық заттары сақталған жалғыз тарихи ескерткіш. 1998 жылдан бастап бұл жерде археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп келеді. Қорым б.з.б. V-IV ғасырларда салынған. Қорым Бұқтырма өзенінің оң жағалауында Берел ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7 шақырым жерде, таулы аңғарда орналасқан. Қорымның құрамында 100-ден астам оба бар.
Өткен ғасырдың аяғында археологтар ашқан әлемдік деңгейдегі үлкен жаңалықтардың бірі -Алтайдағы осы Берел қорғандары. Онда табылған археологиялық ескерткіштер, шын мәніндегі әлемдік үлкен жаңалық, айтулы ғылыми табыс ретінде бағаланды. Бұл аумақтан ІІІ ғасырдың басы - ІV ғасырдың аяғында өмір сүрген болуы ықтимал ақсүйек әйелдің тоны, белбеуі және әбзелдерімен бірге екі аттың қалдықтары, сондай-ақ алтынмен апталған тағы 7 жылқының сүйектері табылған болатын.
Берел қорғандарының аумағында «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2008 жылы ҚР Үкіметінің Қаулысымен «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы құрылған болатын.
- ШҚО-да бір түнде 26 адам қар құрсауынан құтқарылды
- ШҚО-да шектеу шаралары 7 ақпанға дейін ұзартылды
- Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы бірқатар жол жабылды
- «Едіге» жыры әлемдік өркениеттің музыкалық мұрасына қосылуы керек
-
Аязда көлігі сынып, бір шақырымдай жаяу жүрген жүргізуші құтқарылды - ШҚО
-
«Ер Едіге-Ноғайлы дәуірінің жыры» музыкалық альбомы шығарылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам