+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

Бердібек Сапарбаев: Жұмысшылар жалақыларын уақытылы алуы тиіс

2020 жылғы 15 наурыз 20:44
Бөлісіңіз:
Бердібек Сапарбаев: Жұмысшылар жалақыларын уақытылы алуы тиіс

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «Жасыл Ел – Тараз» ЖШС-нің жұмысымен танысты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кәсіпорын балансында 105 арнайы техника бар. Онда барлығы 680 адам жұмыс істейді. Кәсіпорын 78 көшеге, 42 саябақ пен скверге қызмет көрсетеді, мыңдаған көпқабатты тұрғын үйлердің қалдықтарын шығарады. Алдағы уақытта 22 бірлік арнайы техника, оның ішінде қоқыс тасығыштар мен самосвалдар және басқа да құрал-жабдықтар сатып алу жоспарланған.

Компания басшылығымен болған әңгіме барысында Бердібек Сапарбаев кәсіпорынның қызметкерлерінің алдында жалақы бойынша қарыздары бар екендігін, ол туралы әлеуметтік желіге азаматтардан тиісті өтініштер келіп түскенін баса айтты.

ЖШС директоры Сәкен Икрамов белгілі себептермен қаңтар айының жалақысы кешігіп төленгендігін растады. Алайда, бүгінгі күні қызметкерлер алдындағы берешек толық көлемде өтеліпті.

«Ешқандай қарыз болмауы керек. Жұмысшылар жалақыларын уақытылы алуы тиіс. Қала әкімдігі мен еңбек инспекциясы бұл мәселені ерекше бақылауға алып, қажет болған жағдайда қатаң шаралар қолдануы керек», - дей келе Бердібек Сапарбаев тиісті тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Ағымдағы жылы кәсіпорын аумағы 5 гектар болатын тоғыз жылыжайға ұлғайған. Онда ыстық климатқа төзімді алты түрлі сальвия, тагетес, циния, гвоздика, катарантус, целозия гүлдері егілген.

Өткен жылы ЖШС Таразда 1 миллионға жуық гүл отырғызса, ағымдағы жылы өз жылыжай алаңдарын ұлғайта отырып, 1,8 миллион түп өсімдік отырғызуды жоспарлауда.

Сондай-ақ, биыл алғаш рет аталған жылыжайларда 8,1 мың шаршы метр аумақта көгал(газон) егілген. Оны өндірудің өзіндік құны 200 теңгені құрап отыр. Бұл бұрын сатып алынған газон құнынан 6 есе төмен.

Сондай-ақ, аймақ басшысы саябақтар мен аллеяларды абаттандыру, балалардың ойын алаңдарын орнату, көпшілік демалатын орындарда воркаут спорт алаңшаларын салу жөніндегі жоспарлармен танысты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT