Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен бір жылда 240 ауылға барған

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Бердібек Сапарбаев бір жыл ішінде Жамбыл облысы бойынша жүзден астам жұмыс сапарына шығып, барлығы 240 елді мекенді аралады, 657 нысанның қызметімен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бердібек Сапарбаев халықпен есеп беру кездесуінде айтып өткендей, а талған жұмыс сапарлары барысында жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізілді, олардың ұсыныстары мен өтініштері тыңдалды, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар жүктелді.

Сондай-ақ, аймақ басшысы ел Президентінің тапсырмасына сәйкес халықпен тиімді кері байланыс орнату бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға баса тоқталды.

Мәселен, ағымдағы жылдың 18 қаңтарынан бастап облыстағы барлық деңгейдегі әкімдердің 378 есеп беру кездесуі өткен. Оларда жалпы 29,6 мың тұрғын қамтылған. Облыс әкімі ауылдық округтер мен аудан әкімдерінің 14 есебіне қатысты. Халықпен жүздесулерде өзекті мәселелер талқыланып, тұрғындар әкімдердің жұмысын объективті түрде бағалауға мүмкіндік алды.

«Тұрғындардың біздің жұмысымызға беретін бағасы аса маңызды. Алға қойылған міндеттерді орындай алмаған әкімдер жауапкершілікке тартылады. Мәселен, Бектөбе ауылының тұрғындары есеп беру кездесуінде Қаратөбе ауылдық округі әкімінің жұмысын сынға алған болатын. Нәтижесінде ол қызметінен босатылды», - деді Б.Сапарбаев.


Соңғы жаңалықтар