+7 (701) 759 90 19
USD 447.60 EUR 489.41
RUB 5.71 CNY 63.05
Jańalyqtar

Бердібек Сапарбаев жобалау құжаттамаларының 7 жылда дайын болмағанын сынады

2020 жылғы 27 наурыз 08:44
Бөлісіңіз:
Бердібек Сапарбаев жобалау құжаттамаларының 7 жылда дайын болмағанын сынады

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте өңірдегі жобалау-сметалық құжаттамаларды сапалы және уақытылы дайындау мәселелері қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Диқандар Бердібек Сапарбаевқа түйіткілдерін жеткізді Сапарбаевқа Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері баяндалды Барлығы заң аясында болады - Бердібек Сапарбаев Қордай тұрғындарымен кездесті

Бүгінде жаһандық пандемия жағдайында Мемлекет басшысы экономиканы қолдау бойынша нақты шаралар қабылдауда. Бұл орайда бірінші кезекте құрылыс секторын жандандыруға бағытталған түрлі мемлекеттік бағдарламаларға өзгерістер енгізілуде. Құрылыс секторы арқылы барша қазақстандықтың әлеуметтік ахуалына оң әсер ететін түрлі салаларды нығайта түсу маңызды.

Жамбыл облысына қосымша қаражат бөлінеді. Бірақ оларды игеруге қаншалықты дайынбыз? Бұл ретте жобалау-сметалық құжатты (ЖСҚ) уақытылы дайындау және мемлекеттік сараптамадан өткізу – бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қашаннан бері қалыптасқан мәселесі.

Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Жайықбай Шалдаровтың айтуынша, 2014-2018 жылдары басталған 70 ЖСҚ әлі күнге дейін әзірленіп бітпеген. Сондай-ақ, энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Нұрлан Алдамжаров та сол секілді 20 ЖСҚ туралы баяндады.

«ЖСҚ дайындау мерзімінің созылуының басты себебі – жауапты мемлекеттік органдар тарапынан бақылаудың болмауы. Неге тиісті шараларды қабылдамайсыздар? 2013 жылдың жобалау-сметалық құжаттамасы қазір кімге керек? Өйткені, құрылыс материалдарының бағасы, технологиясы мен талаптары түбегейлі өзгерді. Ал мемлекеттің ақшасы желге ұшуда. Тағы бір мәселе – сметаны дайындау кезінде бағаны негізсіз көтеру. «Түйе сұрасаң – бие аласың» деген. Мұндай тәсіл дұрыс емес. Бюджет қаражатына ұқыпты қарау керек. Ол үшін жаңа технологияларды енгізе отырып, жергілікті материалдарды пайдалану маңызды», - деді Б.Сапарбаев.

Сондай-ақ, аймақ басшысы Ж.Шалдаровтың жиынға дайындықсыз келгенін сынға алып, Н. Алдамжаровқа «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде жобаларды көбейту бойынша жұмыс жүргізу керектігін алға тартты.

«Аудандарға жұмыс сапарымның барысында кәсіпкерлер қажетті инфрақұрылымдарды жүргізуге көмектесуді сұрайды. Бұл бағыттағы жұмыстар әлсіз атқарылуда», - деп атап өтті облыс әкімі.

Өңір басшысы құрылысқа кіріспес бұрын міндетті түрде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу, жерасты суларының қорын және олардың сапасын зерттеу қажеттігіне көңіл бөлді.

Облыс әкімі құрылыстардың эстетикалық келбетіне де назар аударды.

«Құрылыстың қасбеттері қатпарлы немесе сұр емес, айрықша тартымды болуы шарт. Мектеп – бұл мәдени мекеме, балабақша немесе аурухана нысандары бірден көзге көрініп тұруы керек. Құрылыстардың қасбеттері, жағымды әсер сыйлап тұруы тиіс», - деді ол.

Жобалау ұйымдарының директорлары өңір басшысына ЖСҚ-ны дайындаудың ең көп мерзімі жобаның күрделілігіне байланысты 6-8 айды құрайтынын және жиі әрқилы мәліметтермен кездесетіндіктерін жеткізді. Өз кезегінде мемлекеттік сараптама басшысы жобалаушылардың құжаттаманы сапасыз дайындайтындықтарын айтып шағымданды.

«Бұл орайда уақытылы және тиімді жұмыс жүргізу керек. ЖСҚ дайындаудың мұндай қарқынына қарап қаражатты игерудің табыстылығына күмән туады. Үлгі – жобаларды дайындауда жергілікті жерлердің ерекшеліктерін ескерген абзал. Жобалық институттардың мүмкіндіктеріне талдау жасау керек. Құрылыс жұмыстарына тарту үшін жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар тізімін құру маңызды. Екі мыңнан астам жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, сол үшыны жұмыс сәуір айынан бастап қайнауы тиіс», – деп өңір басшысы жауапты тұлғаларға міндеттер жүктеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT