Бердібек Сапарбаев жастарға дұрыс жолды таңдаудың сырын айтты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бүгін жастармен кездесіп, дұрыс жолды таңдаудың сырымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Бүгін мектептерде соңғы қоңырау соғылып, облыс әкімі орта арнаулы, жоғары оқу орындарының студенттерімен кездесті. Ашық диалог алаңында жастарға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасы түсіндірілді.

«Президенттің бес әлеуметтік бастамасындағы бір бөлігінде жоғары оқу орындарына қолжетімділікті арттыруға 20 мың қосымша грант бөлінетіні айтылған болатын. Тағы бір бастама баспанамен қамтамасыз ету үшін ипотекалық қарыздың пайыздық ставкасын төмендетуге және төлеу мерзімін ұзартуға бағытталды. Тапсырма аясында Ақтөбе облысында жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері үшін 8 жатақхана тұрғызу  жоспарланып отыр»,- деді өңір басшысы Бердібек Сапарбаев.
null

Кездесу кезінде «Жасыл ел» бағдарламасының маңыздылығы, жастарды еңбекке баулу, жұмыспен қамтудағы рөлі айтылды. Өткен жылдан бастап мемлекеттік бағдарлама аясында жастар үздіксіз жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Биыл 6 мыңға жуық жас жұмыс істейді деп жоспарланып отыр.

«Мемлекеттің мүмкіндігін пайдаланыңыздар. Қашанда жастардың идеясы көп болады. Соны батыл жүзеге асырыңыздар. Жастар ісі жөніндегі кеңес, Жас ғалымдар кеңесі сол үшін құрылды. Бұған қоса жастар сенгіш келеді. Біреудің айтқанымен жүрмес бұрын «бұл мен үшін, халқым үшін, елім үшін қажет пе немесе пайдалы ма» деген жалғыз сұрақты қойыңыз. Қашан «иә» деп жауап берсеңіз, сонда ғана істі қолға алыңыз. Мемлекет әрқашан қолдап, сіздерге үлкен үміт артады, сіздердің міндеттеріңіз - соны ақтау»,- деді Бердібек Сапарбаев.
null

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуден соң аз қамтылған отбасыдан шыққан, оқуда, ғылымда, мәдениет пен спортта жетістіктерімен ерекшеленген 158 студентке облыс әкімінің атаулы стипендиясы тапсырылды. Жоғары оқу орындарындағы 122 студенттің әрқайсысына 160 000 теңгеден, колледждерде оқып жүрген 36 студентке 80 000 теңгеден берді. 

Соңғы жаңалықтар