+7 (701) 759 90 19
USD 414.13 EUR 451.40
RUB 5.80 CNY 58.03
Jańalyqtar

Бердібек Сапарбаев Тараздағы дәріханалар мен супермаркеттерді тексерді

2020 жылғы 15 наурыз 17:24
Бөлісіңіз:
Бердібек Сапарбаев Тараздағы дәріханалар мен супермаркеттерді тексерді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жексенбі күні Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы бірқатар ірі сауда орындары мен дәріханаларды тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бердібек Сапарбаев алдымен Тараз қаласындағы супермаркеттердегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тексерді. Атап айтқанда, ол «Корзинка», «Firkan» және «Март Магнат»сауда желілерінің дүкендерінде болды.

Өңір басшысы тұтынушылармен кездесіп, азық-түліктің жеткілікті деңгейде қамтылу барысына, ұсынылып отырған тауарлардың түрлеріне, оның ішінде жергілікті өндірістің үлесіне айрықша көңіл бөлді. Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасына аталған мәселені бақылауда ұстау, азық-түлік тауарларының қала базарларына үздіксіз жеткізіліп отыруын қадағалауды тапсырды.

Өз кезегінде сауда орындарының әкімшіліктері бүгінгі күні сөрелер азық-түлікке толы екендігін, дүрлігу мен ұзын-сонар кезектің байқалмайтынын атап өтті. Мониторинг тобының мәліметтеріне сүйенсек, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы тұрақты, дегенмен қант пен картоп бағасының шамалы қымбаттағаны анықталған.

Сондай-ақ, облыс әкімі облыстың тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарлары сақталатын «Атығаева» жеке кәсіпкерлігінің қоймаларында ат басын бұрды.

«Тараз» ӘКК басқарма төрағасы Нүркен Шәрбиевтің айтуынша, Жамбыл облысының тұрақтандыру қорында 2 974 тонна бірінші сұрыпты ұн, 63 тонна күріш, 54 тонна қарақұмық, 18 тонна өсімдік майы, 537 тонна картоп, 563 тонна пияз, 193 тонна сәбіз, 2 644 тонна қант сақтаулы. Аталған қордың өнімдері 11 сауда нүктелерінде және қаланың 8 әлеуметтік павильондарында төмендетілген бағамен сатылады.

Алайда, аймақ басшысы Н.Шарбиевтің баяндамасына қанағаттанбай, шынайы жағдайдың басқаша екендігіне, кейбір әлеуметтік маңызға ие азық-түлік бағасының өсуіне қатысты фактілердің расында жоқ еместігін алға тартты. Бердібек Сапарбаев ӘКК басшысына тұрақтандыру қорының азық-түлігі сатылатын барлық әлеуметтік дүкендердің жұмысына арнайы өзі барып, бақылау жүргізуді тапсырды.

Сонымен қатар, бұл күні облыс әкімі қаланың бірнеше дәріханасына барды. Дәріханаларда дезинфекциялау құралдары мен медициналық маскалар бар, алайда олардың құны негізсіз жоғарылағаны белгілі болып отыр.

Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының аумағында медициналық бұйымдар шығаратын кәсіпорын жұмыс істейтінін, оның қуаттылығы өңірді медициналық маскаларымен толық қамтамасыз етуге мүмкіндігі жететінін атап өтті. Осы орайда облыс басшылығы бағаның алыпсатарлық негізде өсуіне жол бермеу бойынша қатаң шаралар қабылданатынын жеткізді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Жамбыл облысы, Әкім, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT