+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 454.18
RUB 5.81 CNY 57.66
Jańalyqtar

Бердібек Сапарбаев Тараз қаласы мен Байзақ және Талас аудандарының әкіміне сөгіс жариялады

2020 жылғы 23 мамыр 12:30
Бөлісіңіз:
Бердібек Сапарбаев Тараз қаласы мен Байзақ және Талас аудандарының әкіміне сөгіс жариялады

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласы мен Байзақ және Талас аудандарының әкімдеріне карантин режимін тиісті дәрежеде қамтамасыз етпегені үшін сөгіс жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысы бойынша жедел штабтың кезекті отырысында коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал барысы талқыланды. Статистикаға сәйкес, аймақта COVID-19 ауруыныңу өсуі байқалуда.

«Өкінішке орай, облысымызда коронавирус инфекциясының таралуы жалғасуда. Бұл жергілікті алдын-алу жұмыстарының әлсіздігін және карантиндік шаралардың тиісті деңгейде сақталмай отырғандығын көрсетеді. Экономикалық қажеттілікке байланысты шағын және орта бизнестің кейбір салаларының қызметіне шектеулер алынып тасталды. Дегенмен бұл қауіпсіздік шараларын елемеуге болады дегенді білдірмейді. Карантин режимінің талаптары сақталуы керек және оған барлығы міндетті. Алайда, Тараз қаласы мен аудан орталықтарында көптеген тұрғындар қорғаныш маскасын пайдаланбауда, ал сауда орындары мен басқа да нысандарда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті талаптар орындалмай отыр. Айталық, Талас және Байзақ аудандарында бір жерде адамдардың көп жиналуына қатысты жағдайдың салдарынан аурушаңдықтың өсуі орын алған», - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Айта кетейік, соңғы уақытта тіркелген жаңғдайлардың басым бөлігі Тараз қаласы мен Қордай және Байзақ аудандарында. Бұған дейін аурудың өңірімізге сырттан келу көбірек байқалса, соңғы кездері жергілікті тұрғындар арасында жұқтыру дерегі өсіп отыр. Мұндай оқиғалардың жоғары үлес салмағы облыс орталығында және Байзақ ауданында анықталған. 21 мамыр күнгі жағдайға сәйкес, облыс бойынша індет жұқтырғандар өсу деңгейі тәулігіне 5,4 пайызды, ал соңғы 7 күнде – 17,4 пайызды құраған.

«Ахуал – алаңдатарлық күйде. Мұндай жағдайда карантин режимін тікелей бұзушыларға да, жаңа инфекция ошақтарының пайда болуына жол берген лауазымды тұлғаларға да қатаң шаралар қолдану қажет. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өз өкілеттіктерін барынша батыл пайдаланғаны дұрыс», - деп атап өтті облыс әкімі.

Аймақ басшысы жергілікті атқарушы органдар мен салалық ведомство басшыларын халық арасында түсіндіру шараларын күшейтуге, кейінгі кездері жұмыстарын әлсіретіп алған мобильді топтардың қызметін қайта жандандыруға шақырды.

Басқосуда тұрғындар тарапынан толассыз түскен өтініштерге байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін 25 мамырдан қайта бастау туралы шешім қабылданды. Ал, қоғамдық көлік қозғалысын қалпына келтіру мәселесі дүйсенбі күні өтетін кезекті штаб отырысында талқыланбақ.

Сондай-ақ, өз жұмысында жіберіп алған кемшіліктері үшін Тараз қаласының, Талас және Байзақ аудандарының әкімдеріне сөгіс жарияланғандығы, сондай-ақ, осы бағытқа жетекшілік ететін Тараз қаласы әкімінің орынбасары қызметінен босатылғандығы белгілі болды. Бұдан бөлек, Қордай, Байзақ және Талас аудандары әкімдерінің орынбасарларының жеке жауапкершілігі қаралады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT